БАҚ өкілдері Мәжіліс сайлауына дайындалып жатыр

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға отандық БАҚ өкілдері де дайындалып жатыр.

Бүгін арнайы семинарда саяси науқан жайлы объективті және ашық түрде ақпарат таратудың жолдары талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен өткен жиында мамандар қазақ тілді БАҚ өкілдеріне алдағы сайлаудың ережелерін түсіндірді. Айта кетерлігі, алдағы сайлаудың бірқатар өзгешелігі бар. Мәселен, биыл алғаш рет аралас сайлау жүйесі қолданылмақ. Және азаматтарға өзін өзі депутаттыққа ұсыну мүмкіндігі берілді.