«Ауыл» партиясы кандидаттар құжаттарын тапсырды

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар құжатын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды.

Саяси ұйым ұсынған тізімде 25 адам бар. Партия төрағасының орынбасары Анас Баққожаевтың айтуынша, квоталардың барлығы талапқа сай енгізілді. Кандидаттар арасында 6 әйел бар. Ал үміткердің ең жасы 25-те.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- 25 адам туралы айтатын болсам, ішінде 6 әйел, инклюзивті қоғамның 1 өкілі, үш жас адам енгізілген. Бұл заң бойынша белгіленген квотаға сәйкес. Біздің кандидаттарымыздың орта жасы 43 жас. Ең жасы 25 жаста. Құжаттардың барлығы заңнама талабына сәйкес тапсырдық.