Мемлекеттік органдарда құжат пен есеп азаяды

Биыл мемлекеттік органдардың шешім қабылдауын жеделдету бойынша шаралар қабылданады. Құжат айналымы мен есеп азаяды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Үкімет пен әкімдіктердің азаматтармен қарым-қатынасын одан әрі дамыту ерекше назарда болады. Мұны Премьер-Министр айтты.

Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті. Тараптар ел экономикасының түрлі секторларын дамыту, мемлекеттік басқаруды реформалау және коммуникация саласын нығайту бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын талқылады. Бұдан бөлек, салық пен бюджет кодекстерін әзірлеу және Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің осы жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.