«Ақ жол» партиясының кандидаттары алматылық зауыт жұмысшыларымен кездесті

«Ақ жол» партиясының өкілдері өңірлердегі үгіт-насихат жұмысын Алматыда жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еліміздің ең ірі бірнеше өндіріс орнын аралады. Жұмысшылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алдымен 1500-ден аса адам нәпақа тауып отырған компанияда ашық диалог форматында кездесу өткізді. Өндіріс орнын аралап, зауыт жұмысымен танысты. Алдағы үлкен саяси доданың мән-маңызын түсіндірді. Партия Төрағасы бастаған кандидаттар тобы келесі кезекте тамақ өнімдерін шығаратын ірі компаниялардың біріне ат басын бұрды. Ол жерде жұмысшылардың ұсыныс тілектерін тыңдады. Отандық компания еңбеккерлері мазалаған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Азат Перуашев. «Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы:

 - Бүгін біз Алматыда еңбек ұжымдарымен кездесіп, оларға алдымен саяси бағдарламамызды түсіндіріп отырмыз. Екіншіден, олардан да ұсыныстарды, олар да көтеретін мәселелерді жинап отырмыз. Қазір, міне, қызу талқылау өтті. Маған ұнағаны, біздің халқымыз, ұжымы өте белсенді екен.