«Ауыл» партиясының өкілдері Өскеменге барды

«Ауыл» партиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысына барды.

Солнечный ауылында кандидаттардың қатысуымен «Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялары» атты көрме өтті. Жаңашыл фермерлердің жетістіктеріне арналған шара "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" базасында ұйымдастырылды. Көрмеге практик ғалымдар мен жас новаторлар қатысты. Ал Өскемен қаласында саяси ұйым мүшелері күнбағыс майын өндіретін зауыт жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесті.

Азамат Мадияров, май зауытының бас инженері:

- Ауыл партиясының өкілдері келіп, алда болатын сайлау жайындағы бағдарламасын таныстырды. Қажетті жауаптарды алдық. Жалпы сайлау деген менің ойымша, келешекте қандай бағытта біздің мемлекетіміз баратын жолды анықтайды. Кандидаттарымыз сайлаудан өткеннен кейін алдына қойған мақсаттарына жетіп, берген уәделерін орындаса, халық риза болса деп ойлаймын.