ҚХП штабы Семейдегі кондитерлік фабрика ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабы Семей қаласындағы кондитерлік фабрикалардың бірінде болды.

Бұл компания 2013 жылы құрылған. Қазір жүзден астам өнім түрін шығарды. Жылдық қуаты 22 мың тонна. Дайын тауар аймақтағы тұтушыларға сондай-ақ Ресей, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстанға сатылады. Кандидаттар жемісті еңбек етіп жатақан ұжымға алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндіріп, партияның бастамалары жайлы пікір алмасты. Логистика, соның ішінде темір жол аймақ экономикасында үлкен маңызға ие. Абай елі арқылы өнімдеріміз сыртқа экспортталып, Азия мен Еуропа арасында транзиттік жүк тасымалдары орындалады. Саяси ұйым осыны іске асырып отырған мамандармен жүздесіп, өздерінің тұғырнамасын таныстырды. 

Оксана Шишкина, ҚХП сайлауалды штабының мүшесі:

- Темір жол облысымыздағы негізгі кәсіпорын. Қаншама вагондар құрамы осы жер арқылы қатынауда. Қала тұрғындарының белгілі бөлігі осы салада еңбек етедлі. Сондықтан біз командаға барып, сайлауалды бағдарламамыз туралы айтуды жөн көрдік. Мұндай кездесулер бүгінгідей республикамыз бойынша әртүрлі ұжымдармен өткізілуде.