Павлодарда сайлауда дауыс беру ережесіне арналған семинар өтті

Павлодарда сайлау күні дауыс беру ережелерін түсіндіретін көшпелі семинар-кеңес өтті.

Іскерлік ойын түріндегі тренингке қатысушылар Орталық сайлау комиссиясының  өкілдермен бірлесіп, сайлау учаскелерінің инфрақұрылымын дайындау мен заңнамалық базаны талқылады. Биылғы сайлау бұрынғыдан өзгерек. Өйткені сайлаушылар алғаш рет бес бюллетень алады. Павлодар облысы бойынша Мәжіліске 12, облыстық мәслихатқа 53  кандидат тіркелген. Ал дауыс берушілер саны  512 мыңнан асады.

Гүлнәр  Аманжолова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бір мандатты 23-сайлау округі бойынша бізде алты саяси партия облыстық мәслихатқа тізімдерін берді.  Мәжіліске 7 саяси партиядан өздерінің партиялық тізімін ұсынып отыр. Бірақ оларды  Орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Павлодар облысында наурыздың 19-ында  523 сайлау учаскесі ашылады.