Respublica партиясы Қостанай өңірінде үгіт-насихат науқанын жалғастырып жатыр

Партия өкілдері қаладағы орталық штабта атқырылған жұмыстардың қортындысын шығарып, алдағы жоспарларын нақтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан кейін ірі кондитерлік фабрикаға бас сұқты. Сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, саяси науқанның маңызына тоқталды. Кездесу барысында партия өкілдері гендерлік теңдік туралы ой бөлісті. 

Данияр Күзенбаев, Respublica партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы:

- Күнделікті халықпен кездесу жиындары өтіп жатыр. Біз бұл басқосуларда жергілікті аймақтың жағдайымен жақынырақ танысамыз.