Respublica партиясы еліміздің батыс өңірінде

Respublica партиясының өкілдері Ақтөбе облысына ат басын тіреді.

Ақсақалдармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ашық диалог форматында өткен басқосуда қоғамдағы біршама түйіткілді тақырып талқыланды. Партия жетекшілері талап-тілектерді ықыласпен тыңдап, тәжірбиелерімен бөлісті.

Ал еліміздің батыс өңіріне барған партияның тағы бір өкілдері Орал қаласының халқымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту мәлесені талқылады.

Нұрболат Баймұратов, Respublica партиясының БҚО филиалының басшысы:

- Біздің штаб күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын атқарып жатыр. Еліміздің түкпір-түкіпірінен әр түрлі мәселелерді көтеріп, хабарласып жатқан жұрт көп. Бүгін қала халқымен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Жиынға келушілердің саны мыңға жуықтайды.