ЖСДП республикалық штабында ашық есік күні өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың жолдаған сауалына жауап беруге бағытталған. Шараға өзге өңірлердегі кандидаттар онлайн қатысты. Бұл науқан барлық аймақтағы штабтарда ұйымдастырылған.

Жалпы, бүгінге дейін бірлестік белсенділері 400-ден астам іс-шара өткізді.

Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:

- Бүгін ашық есік күні жалғыз республикалық штабта емес, аймақтық штабтарда да өтіп жатыр. Халық келіп, өз пікірлерін, проблемаларын айтып, мәселелерін көтеріп, қызуғышылық білдіріп жатыр. Аумақтардағы штаб өкілдері бізге ZOOM арқылы шықты.