Respublica партиясы өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жайын талқылады

Respublica партиясы өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жайын талқылады.

Ақмола облысында жалғасқан сапар Көкшетау қаласынан басталды. Әуелі партия өкілдері Көкшетаудағы машина жасау зауытына табан тіреп, өз тұғырнамаларын таныстырды. Сайлаудың қоғамдағы маңызын түсіндіріп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Ал ауыл шаруашылығын дамыту жайлы тақырыптар жергілікті шаруа иелерімен кездесуде көтерілді. Кейін партия өкілдері өңірдің іскер әйелдерімен кездесіп, олардың бизнестегі рөлі жайында ұсыныстарын ортаға салды.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

 - Біз бүгін Көкшетаудамыз. Бұл біздің он үшінші аумағымыз. Анау Жетісу өңірінен бастап, осы солтүстік өңірге келіп тұрмыз. Осы он үш аймақта біз бір миллионнан астам адаммен кездестік.