«AMANAT» өкілдері Шымкент кәсіпкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партиялықтар Шымкент қаласына барды. Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелерін талқылады.

Бұдан соң партиялықтар шаһар тұрғындарымен жүздесті. Онда инфрақұрылымды дамыту және жалпы баспана мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы саяси науқан барысы жайлы мағлұмат беріліп, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Мұнан соң, «AMANAT» партиясының өкілдері қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барып, аға буын өкілдерімен зейнет жасындағы адамдардың өмір сүру жағдайы туралы сөйлесті. Штаб мүшелері Шымкенттегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға жолығып, сайлауалды бағдарламасын талқылады.