Өкілді билік тармағы қайта жасақталды

Парламенттің жоғарғы палатасына бұрынғыдай 15 емес, 10 депутатты Президент тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заң өткен жылдың 8 маусымында қабылданды. Соған сай енді Сенатқа Президент тағайындауы тиіс болған депутаттардың 5-еуін Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады. Өкілді билік тармағын қайта жасақтау жөніндегі бұл тапсырма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған болатын. Бүгінде бұл міндет орындалып, іс жүзінде көрініс тапты, – деп жазды телеграмдағы «Ақорда ресми» парақшасы.