Сайлау-2023: тұрғындар пікірі. Блиц

Қалың қараша алдағы саяси науқан туралы не ойлайды? Елордалықтардың саяси белсенділігі қандай? Дәл осы сұрақтарды тұрғындардың өздеріне қойып көрдік.

- Барамыз сайлауға, өз таңдауымызды жасаймыз. Өзіміз барамыз.Болашағымыз жастар үшін жақсы болсын.

- Иә, әрине маңызды. Себебі кейбіреулер менің дауысым не шешеді деп ойлауы мүмкін. Бірақ барлық адам солай ойласа, ешкімде қозғалыс болмаушы еді. Сондықтан да әрбір адамның дауысы маңызды.

- Біздің ел демократиялық болғандықтан, әр адам өзінің болашағын таңдауға, мен өзімнің болашағым үшін дауыс беремін, шынымды айтсам.

- Халқымыздың жағдайын жақсартып, жақсы болу үшін сол депутатқа дауыс беруге барамын. Уәделерін орындау үшін дауыс беремін.

- Барамын. Жалпы, ол әркімнің азаматтық борышы деп ойлаймын. Әділ сайлау болу үшін.