ҚХП еліміз бойынша 3500 кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат тобы «Ақмола электр желілері» кәсіпорнының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Халық партиясының өз тұғырнамасын түсіндіруге арналған соңғы іс-шарасы. Кандидаттар 1 ай ішінде еліміз бойынша сайлаушылармен 3,5 мың кездесу өткізді. Штаб мүшелері барлық өңірді аралады.

Алдағы сайлауға саяси ұйым атынан Мәжіліс депутаттығына 66 кандидат ұсынылған.

Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы:

- Осы 1 айдың ішінде біз үлкен жұмыс атқардық. Мен өз аппаратымды, өңірлердегі партияластарды мақтан тұтамын. Саяси науқан алдындағы насихат жұмыстарын өткізуге ешқандай кедергі, атқарушы биліктің араласуы болған жоқ. Біз өз жұмысымызды еркін атқардық.