Астанаға Әзербайжан ОСК делегациясы келді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушыларымен кездесті. 

Нұрлан Әбдіров халықаралық миссия өкілдеріне кандидаттар мен байқаушыларды тіркеу қорытындылары туралы айтып берді. Астанаға арнайы шақырумен Мазахир Панахов бастаған Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының делегациясы да келді. Олар саяси науқан кезінде байқаушы болады.

Мазахир Панахов, Әзербайжан ОСК төрағасы:

- Қазақстанда 12 млн-нан астам сайлаушы және 10 мыңнан астам сайлау учаскесі бар. Мұндай ауқымды жұмысты ұйымдастыру өте маңызды. Төрағаның айтуы бойынша, науқанға бәрі сақадай сай. Сайлау комиссиялары да толық дайын.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау күні Түркі мемлекеттері парламенттік Ассамблея делегациясы да жұмыс істейтін болады. Қазақстанға Түркия, Әзербайжан және Қырғызстаннан заң шығарушы органдардың депутаттары, сонымен қатар сарапшылар мен Ассамблея хатшылығының өкілдері табан тіреді. Олар дауыс беру барысын елордада және Алматыда қадағалайды.

Режеп Шекер, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы:

- Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясында халықаралық байқаушылар миссиясы 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің ұйымның өкілдері Қазақстанда президенттік сайлауда және референдумда болды. Бұл жолғы сайлау жаңа жүйе бойынша өтейін деп жатыр. Біз саяси науқанға жаңа партиялардың қатысқанына қуаныштымыз.