Парламент Мәжілісі сайлауына 7 саяси партия қатысып жатыр

Тізімді «AMANAT» партиясы бастайды. Кейін «Ауыл», Respublica партиялары, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жалғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпшілік олардың сайлауалды бағдарламасымен танысып үлгерді. Мысалы, «AMANAT» партиясы әлеумет әлеуетін көтеруді көздейді. «Ауыл» агроахуалды түзеуге талпынбақ. Республикалықтар «Жаңа Қазақстанды» құруға әрекет етеді. Қазақстан халық партиясы нағыз халықтық мемлекетті қалыптастыруды көздейді. «Байтақ» партиясы әсіресе бюджет саласындағы шешімдердің ашықтығына қол жеткізбекші. Ақжолдықтар әдеттегідей кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға атсалысады. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия әлеуеметтік жауапкершілік үшін күреседі.

Мәжіліс депутаттарының мандатына осы партиялар 281 үміткерді ұсынды. Бұл ретте кандидаттардың 38% – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.