Алматы қаласында 1 млн 200 мыңнан астам дауыс беруші бар. LIVE

Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жетеуі өз жұмысын таңғы 6:00-де бастаған болатын. 

Асима Ералиева, №378 сайлау учаскесінің төрайымы:

- Біз таңертең сағат 7:00-де алғаш дауыс бергендерге және осы сайлау учаскесі ашылғанда бірінші болып келгендерге өзіміздің сый-сияпатымызды жасадық. Бұл біздің жас сайлаушыларды сонымен бірге бұрыннан келе жатқан өзіміздің тұрғындарды жігерлендіреді деп ойлаймын. Қазір біздің сайлау учаскемізде байқаушылар, сонымен бірге кандидаттардың сенімді өкілдері және әртүрлі халықаралық ұйымдардың акредиттелген өкілдері отыр. БАҚ да біздің таңертеңгі сайлау учаскенің ашылу салтанатына қатысты. Бәрі сол талапқа сай, заң аясында өтіп жатыр.