Алматылықтар сайлаудан мол үміт күтеді. LIVE

Бұл сайлаудан, күтер үміт көп. Дауыс беруге келген Алматы тұрғындары осылай дейді. Мегаполисте 600-ден аса сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Мен қазір Алматының орталығындағы Ильяс Есенберлин атындағы №25 гимназияда тұрмын. Мұнда №91 сайлау учаскесі орналасқан. Сайлау учаскесі кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беремін деген сайлаушылар әлі де үлгереді.

Айта кетейік, елімізде Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезектен тыс өтіп жатыр. Бірқатар ерекшеліктер де бар. Атап айтқанда, 2004 жылдан кейін алғаш рет мәжілістегі 98 депутаттың 29-ы бір мандатты округтер арқылы сайланады. Сондай-ақ үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды. Болашақ депутаттар мемлекет, халық алдындағы жауапкершілігін естен шығармаса, - дейді Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.  

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Бұл болашақ депутаттарға айтар тілегіміз мынадай, бірінші, олар Қазақстан халқын сүюі керек. Екінші, осы мемлекеттің тәуелсіздігін қорғау керек көзінің қарашығындай. Осы 2 мәселеге берік болса, қалған сұрақтарды рет-ретімен шеше беруге болады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша бір мандатты округтерден Мәжіліс депутаттығына 82 кандидат тіркелсе, мәслихат депутаттығы үшін 144 үміткер сасяи додаға қатысып жатыр.