Азаматтық белсенділіктің көрінісі. LIVE

Бұл сайлауда  халықтың белсенділігі жоғары екендігін байқауға болады. Тіпті бала шағасымен келіп, дауыс беріп  жатқан отбасылар аз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мағауия Қалиев, тілші:

- Таңертеңнен бері байқағаным, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге асыққан жұрттың қарасы қалың. Осы арқылы халық өзінің азаматтық белсенділігін көрсетіп жатыр. Ал бұл жәйт – елдегі саяси мәдениеттің артып келе жатқанының айқын дәлелі.

Атап өтерлік бір жәйт, отбасымен бала шағасымен келіп, дауыс беріп жатқандар көп. Бізбен тілдескен электроттың ойы жаңа, әділетті Қазақстан құру жолындағы ұмтылысымыз осы саяси шарада көрініс табуы қажет деген пікірде тоғысып жатты. Құлақ түрелік.

Бақыт Сайынұлы, қала тұрғыны:

- Бұл науқанның маңыздылығы өте көп. Бұл, біріншіден, қазақ халқымыз үшін, біздің мемлекетіміз үшін. Қазақстандықтар өз таңдауын жасау керек. Өйткені осы сайлаудың нәтижесінен кейін біздің болашағымыз айқындалады.

Раиса Жанғазиева, қала тұрғыны:

- Жақсылыққа, болашаққа қол сермейміз. Заманымыз тыныш болсын. Мына сайлап жатқан адамдар сондай адал қызмет жасап, халықтың қамын ойлап, сондай бір жақсылыққа қол сермейміз айналайын.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Ал енді Астанадағы 113 сайлау учкесінде дауыс беру құқына ие 3735 адам тіркелген.