Бельгиядағы қазақстандықтар дауыс беріп жатыр. LIVE

Еліміздің Батыс Еуропадағы сайлау учаскелерінде де, дауыс беру жүріп жатыр. Брюссельде және сол елге сапарлап барған азаматтарымыз Бельгиядағы Елшілік ғимаратында өз таңдауларын жасай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Жанат Эрнст, тілші:

- Брюссельде №241 сайлау учаскесінде Бельгияда және Люксембургта тұратын немесе уақытша жұмысқа келген қазақстандықтар дауыс беріп жатыр. Қазір жергілікті уақыт таңғы сағат 10-нан енді асты. Азаматтарымыздың елдегі сайлауға белсенді қатысып жатқанын көруге болады. Сайлаушылар санатында ол – біздің студенттеріміз, қазақстандық дипломаттар және олардың отбасылары сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері. Дауыс беру процесі мұнда партиялық тізім бойынша жүріп жатыр. Учаскіге келген дауыс берушілердің бірінен сұхбат алған едім. Соған кезек берейік.

Ләззат Бейсенова, дауыс беруші:

- Бүгін – Қазақстан халқының тарихында шешуші партиялар ортасындағы саяси доданың шешуші күні. Сол шешуші күнге мен де өзімнің үлесімді қосуға ҚР Брюссель қаласындағы елшілікке келіп, өз даусымды бердім. Жалпы, осы додадан үлкен үміт күтеміз. Еліміз, жеріміз өркендейді, халқымыздың жағдайы жақсарады. Жалпы, Отанымыздың – ҚР-ның халықаралық деңгейдегі орны жоғарылайды деген үміттеміз. Осының бәрі сәтті өтуіне тілектеспіз.

Жанат Эрнст, тілші:

- Брюссель қаласындағы сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00 ге дейін жұмыс істейді.