Астанадағы 113 сайлау учаскесінде 38 бақылаушы болды

Бүгінгі сайлау халықаралық ұйым өкілдерінің жіті назарында.

Олар күні бойына сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру барысын бақылады. Жұртшылықпен жүздесіп, пікірлерін білді. Сайлау учаскесінен бізбен қазір тілшіміз тікелей байланыста. 

Мағауия Қалиев, тілші:

- Астанадағы 113 сайлау учаскесінде бүгін 38 бақылаушы болды. Оның ішінде Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, Түрік мемлекеттері парламент ассамблеясы миссиясының, ТМД, басқада шет ел өкілдерін осында көзіміз шалды. Әсіресе түрік елдері парламент ассамблеясы  депутаттары тарапынан бүгінгі өтіп жатқан саяси шараға қызығушылық басым. Бізбен тілдескен осы миссияның басшысы РЕДЖЕП ШЕКЕР елімізде жүзеге асып жатқан  саяси реформалардың шеңберінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістерге қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Реджеп Шекер, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблея миссиясының басшысы:

- Бүгінгі күні аралап шыққан сайлау учаскелерінен еш келеңсіздік байқалған жоқ. Елдегі реформалардың бірқатар оң артықшылығын байқадым. Партия құру үшін адам санын төмендету, жаңа партиялардың қатысуы, тәуелсіз үміткерлердің келуі, 30 пайызы әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар және әйелдер болуы керек деген талап демократиялық қадамды айқындайды. Тіптен ассамблея мүшелері сенатқа барып, ал мәжілістің толық сайлау арқылы тағайындалуын жоғары бағалаймын.       

Мағауия Қалиев, тілші:

Ал қазір мен тұрған сайлау учаскесінде әзірге қандвй бір заң бұзушылық, кемшілік  болған жоқ. Таңның атысы сайлау баоысын жіті қарап отырған бақылаушылар  ешқандай наразылық білдірмеген.