Алматыда сайлауды 20-дан астам шетелдік байқаушы бақылады

Алматыда сайлау барысын 20-дан аса шетелдік байқаушы қадағалауда.

Одан өзге қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен партиялардың байқаушылары да бар. Бір мандатты окргутер бойынша өзін өзі ұсынған кандидаттардың сенімді өкілдері де саяси науқанның бел ортасында жүр. Олар таңғы сағат жетіден бастап дауыс беру процесін бақылауда. Әзірге сайлау туралы заңның талаптарын бұзу фактісі тіркелмеген.

Айгерім Мырзандаева, байқаушы:

- Заң бұзушылық ешқандай кездескен жоқ. Барлығы заң бойынша дұрыс өтіп жатыр. Біздің халықаралық байқаушылар да барлығын тексеріп кетті. Урналарды жаңағы бәрі сәйкес пе екен, деп барлығын дұрыс тексерді. Жалпы дұрыс өтіп жатыр.