Елдегі сайлау нәтижесін Германия да талқылап жатыр

Елдегі сайлау нәтижесін Германия да талқылап жатыр.

Федералды саясат және сыртқы сауда одағының басшысы Андреас Янның айтуынша, биылғы саяси додаға көп партияның қатысуы - Қазақстанда жүргізілген реформалардың арқасы. 

Андреас Ян, Федералды саясат және сыртқы сауда одағының басшысы:

-  Қазақстан - Германияның Орталық Азиядағы стратегиялық және сенімді серіктесі. Сондықтан сіздердің елде жүргізіліп жатқан реформалар неміс саясаткерлері мен кәсіпкерлерінің үнемі назарында. Менің ойымша, саяси партиялардың Мәжіліске өту межесі 5 пайызға төмендетілуі дұрыс шешім. Енді Парламентте 6 партия болады. Саяси әртүрліліктің болуы демократиялық процесті құруда аса маңызды. Мен Қазақстанға одан әрі қарқынды дамып, демократия жолымен жүруді тілеймін.