«Жасыл климат» қоры Қазақстанға көмектеседі

Қазақстанды көміртектен бейтараптандырып, таза энергия көздерін алуға халықаралық Жасыл климат қоры жәрдемдеседі.

Бүгін елдің экологиялық әлеуетін дамытып, салаға инвестиция тартуға бағытталған "Readiness II" жобасы іске қосылды. Осы арқылы енді қор "жасыл" энергетикаға дем беретін бастамаларға 1 млн доллар беруге дайын. Өз кезегінде бөлінген қаржы жаңа жобаларды ашуға мұрындық болып, сырттын инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, климатты жақсарту ауыл, су және орман шаруашылығын серпілтуге сеп болады.

Айгүл Құсалиева, АХҚО тұрақты даму департаментінің директоры:

- Мемлекетімізбен 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылығына жету бойынша мақсат қойылған. Және еліміз қабылдаған стратегияға сәйкес, осы мақсатты жүзеге асыру үшін 600 млрд-тан астам қаржы керек. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы бейтараптылыққа жетуге болады деп ойлаймын.