UNESCO және ISESCO жөніндегі ұлттық комиссияға 30 жыл толды

Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының құрылғанына 30 жыл толды.

Осыған орай Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссияның тұрақты мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, мәдениет, білім және ғылым салаларының белгілі қайраткерлері қатысты. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, еліміз ғылым, мәдениет және білім салалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше мән береді. Айта кетейік, былтыр ЮНЕСКО шеңберінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 және әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтті. Сондай-ақ Қазақстанның «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі мен, Марқа-көл мемлекеттік табиғи қорығы, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік био-сфералық резерваттар желісіне қосылды.

Әлия Байсабаева, ҚР  ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы:

- ЮНЕСКО. Соңғы жылдары бірқатар жетістікке жеттік. ЮНЕСКО-ның тізіміне  «Ортеке» мен «Қожанасыр әзілдері» енді. Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне «Көлсай көлдері», «Марқакөл», «Бурабай» сияқты көркем жерлеріміз қосылды. Сондай-ақ, қарауға  Өзбекстан және Түркіменстанмен бірлесіп әзірлеген «Тұранның суық шөлдері» деп аталатын тағы бір нысанға қатысты өтінім бердік.