Әшімбаев Ресейдегі қазақстандық студенттермен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәскеуде ресейлік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.

Сенат Спикері қаңтар оқиғасы жастар саясатына қатысты олқылықтарды айқын көрсетіп бергенін айтты. Сөйтіп, Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды реформаларды, іске асыру барысына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Кезінде 1960 жылдары бірлестік болғанын естіген шығарсыздар. Ол жерде үлкен ағаларыңыз, апаларыңыз мүше болған. Мұрат Әуезов, белгілі ғалым, демограф Мақаш Тәтімов сияқты ағаларымыз болған. Солар осында жүріп тек білім ғана алып қоймай, сонымен қатар еліміз туралы көптеген насихаттау жұмыстарын жүргізген. Сол сияқты сіздер де аға-апаларыңыздан үлгі алып, осында жүрген кезде қазақ елін дәріптеуге үлестеріңізді қосасыздар деген сенімдемін.