Сенат Төрағасы Ресей Думасының Төрағасымен кездесті

Жұмыс сапары барысында Мәулен Әшімбаев ұлы ақын, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қойды.

Және Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Воло-динмен кездесті. Сенат төрағасы әріптесіне биыл 19 наурызда өткен, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушы ретінде белсене қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік Дума депутаттарымен, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру жөнінде әңгімелесті.