Қ. Тоқаев: Қалалардың дамуы сын көтермейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалалардың қазіргі күйі жайсыз екенін атап, қатты сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған жергілікті атқарушы билік өкілдері баса мән беріп, дамытуды қолға алулары тиіс. Көптеген шаһарларда қарапайым балалардың ойын алаңы мен үйлердің дені ескірген. Президент Шығыс Еуропа мен Балқан елдерінің қалаларын мысалға келтірді. Бюджеті аз болса да, көрікті әрі жайлы қылып салынған. Қазақстанда қалыптасқан бұндай жағдай ел имиджіне кері әсер етіп, беділіне нұқсан келтіреді, - деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен бірнеше рет Астананың жоғары мәртебесі тек қала орталығында емес, оның шетіне де сәйкес келуі керек деп айттым. Біздің қалалар өте нашар дамыған. Оны мойындау керек. Кеңеске барлық деңгейдегі әкімдер қатысып отыр. Мәслихат өкілдері де бар. Назар аударыңыздар. Жақында теледидардан Семейдегі ойын алаңы туралы сюжет көрсетілді. Ол алаңды пайдалану өте қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен ауылдарында жаяу жүруге тиіс. Бұл Астана басшылығына да қатысты.