Президент «Jibek Joly» телеарнасына барды

Мемлекет басшысы Президент телерадиокешеніне қарасты «Jibek Joly» телеарнасына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев ультра HD форматында хабар тарататын қондырғылармен жабдықталған жаңа студияны көріп қайтты.

Айта кетейік, «Jibek Joly» арнасы – дүниежүзіне 5 тілде хабар тарататын, ілеспе аударманы қамтамасыз ете алатын бірден-бір арна. Президент БАҚ саласының маңызын атап өтіп, телеарнаның ұжымына шығармашылық табыс тіледі.