Борышын абыроймен өтеген сарбаздар үйіне қайтты

Сарбаздар үйіне қайтты.

68/665 әскери бөлімде борышын абыроймен өтеген жігіттер туғандарымен қауышады. Олар бір жыл бойы әскери өмірдің ащысы мен тұщысын көрді. Жаңа машықтарды игерді. Қаруды дұрыс қолданып, нысананы дәл көздеуді меңгерді. Бөлім басшылығы барлық сарбазға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті. Ал ерекше көзге түскен жігіттердің ата-аналарына алғыс хат жолданды.

Талғат Құлманов, әскери бөлім командирінің орынбасары:

- Салтанатты іс-шараға жүзге жуық сарбаз қатысты. Қалған сарбаздарымыз, яғни бізде 400-ге жуық сарбазымыз бар. Біз соларға бұл іс-шараны үлгі ретінде көрсетеміз.