Қ.Тоқаев Түркия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, Парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сондай-а, елдеріміз арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.