Ердоған Қазақстан президентін рәсімге арнайы шақыртқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға барды.

Президент мінген ұшақ Анкара әуежайына қонды. Сапар Реджеп Тайип Ердоғанның арнайы шақырумен ұйымдастырылды. Жоспар бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады.