Президент Polpharma SA компаниясы басқарушылар кеңесінің төрағасын қабылдады

Президент пен «Польфарма ЭсЭй» компаниясы басқарушылар кеңесі төрағасының кездесуінде фармацевтика саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Ежи Старак Польша компаниясының Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттарын тілге тиек етті. Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берді. Бұл орталықта озық әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылатынын айтты.