Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президенттің  Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне  зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.