Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады» делінген Үкімет басшысының құттықтауында.