Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларын жүзеге асыру жоспары қабылданды

Оның ішінде білім, ғылым және мәдениет салаларын қамтитын шаралар бар.

Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында жазды. Жоспарға "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыру, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, отандық әдебиет пен кітап шығару ісін өркендету сынды жобалар кіреді. Сондай-ақ, құмар ойындар мен есірткіге қарсы күрес сынды бастамалар енген. Ерлан Қарин өз жазбасында "Президенттің Түркістанда сөйлеген сөзі ұзақ мерзімді перспективаға арналған және идеологиялық жаңа жалпыұлттық күн тәртібін белгілеп берді" деп жазды.