Қ. Тоқаев М. Рюттемен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.

Екеуара әңгімеде екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйіне баса мән беру мәселелері қаралды. Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады. Марк Рютте екі ел арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады.