Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін цифрландыру қажет

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жаппай цифрландыру қажет.

Бұл көлеңкелі экономикаға бірден бір тосқауыл. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Айтуынша, осыған қатысты алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспар өткен айда жаңартылған.  Үкімет басшысы, Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Ал жалпы экономиканың өсуін ынталандыру үшін жүйелі түрде пәрменді іс-шаралар қабылдау керек. Бұл бағытта жыл сайынғы экономикалық өсімді 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету керектігін айтты. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Халықаралық экономистер осы жылдың соңына дейін жаһандық экономиканың өсу қарқыны төмендейді деп болжап отыр. Әлемдегі күрделі геосаяси ахуал экономикаға кері әсерін тигізуде. Экономиканы әртараптандыру, өзіміздің отандық өндірісті одан әрі дамыту, инвестицияларды арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру іс-шараларын күшейту керек. Барлық министрлер мен әкімдерден үйлесімді жұмыс жүргізу тиіс.