Тоқаев Эмомали Рахмонды қарсы алды

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді.

Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді.

Сондай-ақ, Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.