Францияның танымал порталы Қазақстан конституциясына мақала арнады

Франциядағы танымал заң порталы Қазақстан конституциясына мақала арнады.

Онда еліміздегі саяси реформалар жіті сипатталған. Референдумда бекітілген түзетулерден бастап бейбіт жиындар өткізу туралы заңды жетілдіруге дейінгінің бәрі қамтылған. Мақалада Конституциялық кеңестің құрылуына ерекше тоқталып өткен. Автор қазір елімізде болып жатқан демократиялық процестерді кезінде маңызды шешімдер қабылдау үшін өткізілетін құрылтайлармен салыстырады. Жалпы француз сарапшылары Қазақстандағы демократиялық үдерістерге оң бағасын беріп отыр. 

Эрик Гиошон, Университетаралық Біріккен ұлттар комитетінің президенті:

"Қазақстанда өткен соңғы сайлау демократиялық тұрғыда ілгерілеу барын көрсетті. Франция мұндай оң өзгерістерді қолдайды. Қазақстан Ата заңы мен біздің 1958 жылғы конституциямыз арасында ұқсастық көп. Бұл елдеріміздің стратегиялық байланысын одан әрі нығайта түсуге өз септігін тигізеді." 

Эммануэль Дюпюи, IPSE институтының президенті:

"Халық реформаларды түсіну үшін жаңа нормаларды қолдану керек. Конституциялық Кеңестің қажеті не? Медиатор билік тармақтарының тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндей қандай заңды кепіл бар? Бұл мықты әрі білікті президент және тәуелсіз парламент. Сенаторлар мен мәжіліс депутаттары санының 107-ден 98-ге дейін қысқаруы соған септігін тигізіп отыр."