Е. Қарин Жолдауға қатысты пікір білдірді

«Президент бастамаларында экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелері ұсынылды. Соның арқасында атқарушы билік, орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынас өзгереді».

Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан осындай пікір білдірді. Құжатқа қатысты ойымен бөліскен ол Президенттің стратегиялық бағыттарын саралады. «Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы жоспары белгіленді. Салықтық ынталандырудың, нормативтік-құқықтық реттеудің, инвесторлармен өзара іс-қимылдың жаңа шаралары енеді. Жаңа Жолдау экономикалық мәселелерді шешуге бағытталса да, онда әлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар», - делінген телеграм каналдағы жазбада.