Жолдау. Қазақстан мен Испания стратегиялық серіктестікті кеңейтеді

Испания Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтіп, Жолдауда көрсетілген бірқатар маңызды жобаларды бірігіп атқаруға мүдделі.

Әсіресе, ғылыми техника, қорғаныс және жасыл энергия көздері мен инфрақұрылым, коммерциялық және инвестициялық қатынастарды тереңдету жағына басымдық берілмек.

Бұл туралы Испанияның сауда бойынша мемлекеттік хатшысы Сиана Мендес мәлімдеді.

Сиана Мендес, Испанияның сауда бойынша мемлекеттік хатшысы:

- Жетекші испан компаниялары мен қаржы ұйымдарының қатысуымен Қазақстанда бірлескен жобалар жүзеге асып жатыр. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы – 2,5 млдр еуро болған. Қос тарап экономиканың басым салаларында да инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға қызығушылық танытып отыр. Жолдауда көрсетілген логистика, технологиялық серіктестікті нығайту үшін де бірігіп қызмет атқаратын боламыз.

Кармен Валеро, саяси сарапшы:

- Екі елдің экономикалық байланысы жыл сайын нығайып келе жатқанын статистикалық мәліметтен де байқап отырмыз. Тауар айналымы 2012 мен 2022 жылға дейінгі аралықта 4 есеге артыпты. Испаниялық компанияларда 9 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Қазақстан Испанияға тасымалдау және логистика саласында мүмкіндіктер ұсынып отыр. Біз су ресурстарын басқару мен қорғаныс бағыты бойынша да әріптескті нығайтуға әлеуетіміз жеткілікті.