Президент Аралды құтқару жөніндегі жиынға барды

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға жұмыс сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін  Душанбедегі «Қасри Миллат» сарайына барды. Президентті онда Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қарсы алды. Жиында Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан бірігіп, Аралды сақтап қалу жайын талқылайды.