Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатында әлемдік қауіпсіздіктің ушығып бара жатқанын айтты.

Президент Қауіпсіздік Кеңесіне жан-жақты реформа жасамай, бұл қиындықтар еңсерілмейтінін жеткізді. Кеңесте «орта державалардың» және барлық дамушы елдердің үні анық естілетініне кәміл сенемін деді. Бұл бастамаларды сарапшылар да қолдап отыр. «Өйткені бүгінде көптеген мемлекеттердің саяси орны мен әлеуеті өзгерді. Оны ұйымның ескі жарғысымен қарастыруға келмейді. «Аймақтық мәселелерді талдау» ғылыми зерттеу орталығының сарапшысы Нұриддин Сұлтанмұратов осындай пікірде.

Нұриддин Сұлтанмұратов,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аймақтық мәселелерді талдау» ҒЗО сарапшысы:

- Біріншіден, бұл – реформалау. Яғни, өзіміз білетіндей, БҰҰ 5 тұрақты мүше бар. Қазіргі таңда көп қозғалып жүрген мәселелердің бірі – осы мүшелердің, Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің санын кеңейту. Яғни, енді осы ірі мемлекеттер 5 мемлекеттен тыс енді дамып келе жатқан ірі мемлекеттерді тарту. Сол арқылы халықаралық жағдайға байланысты өзінің септігін тигізу. Яғни, тұрақтылықты реттеу.