Мемлекет басшысы STADA Group компаниясының вице-президентімен кездесті

Мемлекет басшысы STADA Group компаниясының вице-президенті Кристос Галлиспен кездесті.

Кездесуде денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда биотехнологиялық кластер құру жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, QazBioPharm ұлттық холдингімен ғылыми-зерттеу және өндіріс саласында бірлесе жұмыс істеу үшін STADA компаниясына зор мүмкіндік ашылады. Кристос Галлис ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, компанияның Қазақстандағы медициналық жобалар мен бағдарламаларға инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.