2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды

Екі ел арасындағы қатынастар жан-жақты әрі стратегиялық негізде дамып келеді.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары аясында айтты. Мемлекет басшысы сауда-саттықтың да айтарлықтай өскенін тілге тиек етті. Бүгінде жалпы көлемі 21 млрд доллар болатын 52 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Енді осынау байланысты жаңа деңгейге шығару қажет», - дейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзара мәдени-гуманитарлық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Мемлекетаралық қарым-қатынастарды мүлдем жаңа деңгейге шығару үшін Қазақстанның да, Қытайдың да орасан зор әлеуеті бар деп санаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрметті төраға Си Цзиньпин, сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын.