Түркия депутаты елімізді Республика күнімен құттықтады

Анадолы жерінде қазақ тілін бір кісідей меңгерген саясаткерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері аз емес.

Олардың арасында, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаттары да бар. Халық қалаулыларының бірі- профессор, доктор Күршат Зорлу. Айтуынша, Қазақстан- оның екінші отаны.

Күршат Зорлу, Түркия парламентінің депутаты

"Қазақстанның Республика күнімен құттықтаймыз. Біз үшін Қазақстан маңызды мемлекет. Біздің тарихымыз бір, тамырымыз бір, тіліміз бір. Білесіз бе, Мағжан Жұмабай жүз жыл бұрын «Алыстағы бауырыма» деп хат жазған. Ол кісі біздерміз! Түркиядағы азаматтар, Түркиядағы сіздердің бауырларыңыз. Сондықтан Қазақстан халқы, біздің жүрегімізде. Болашақта олардың барлық жұмыстарының жақсы болуын тілейміз!".