Венгриямен ынтымақтастықты кеңейту талқыланады

Қазақстан мен Венгрия арасындағы қарым-қатынас нығайып, байланыс беки түспек.

Оның ішінде логистика мен жаңа технологияларға басымдық беріледі. Бұл туралы халықаралық саясаттанушы Аман Мәмбетәлі айтты. Венгрия - Орталық Еуропадағы көшбасшы мемлекет. Саяси-экономикалық, сауда және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға екі елдің әлеуеті зор деді,-сарапшы.

Аман Мәмбетәлі, халықаралық саясаттанушы:

- Виктор Орбанның Қазақстанға келген себебі бұл Қазақстан мен Венгрияның қарым-қатынасын жаңа дәрежеге, уровеньге алып келу. Және ол жалғыз Венгрияның атынан келіп отқан жоқ. Өзінің аймағында көшбасшы ретінде сол мемлекеттердің атынан экономика бойынша ұсыныс жасауға келіп отыр. Меніңше, бізде қазір социально-экономикалық блок бойынша біраз келісімшарттарға келеміз. Ол мұнай жағынан, инвестиция жағынан, АЙТИ және жоғары технология бойынша.