Қазақстанға Садыр Жапаров келді

Қазақстанға Садыр Жапаров келді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.